Сегіз жаста ұлы октябрь lyrics

Иса Байзақов

0
0

Share:


Жаудың қанын судай шашқан күн.
Қара пейіл арам жұрттар жеңіліп,
Езілгендер қуанып үн қосқан күн.
Тұтқындағы өзгерістің ұлдары,
He заманғы бұғауларын шешкен күн.
Қызыл әскер тасты жүндей қопарып,
Жаңа дүние жайлауына көшкен күн.
Адамзатты құлданатын байлардың
Патшасына жайдың оғы түскен күн.
Неше жүз жыл дүниені шіріткен,
Шен құмардың ішегін алмас кескен күн.
Неше мың жыл көкке өрлеген қиянат,
Еңбекшілдің табанына түскен күн.
Еркек, әйел, жетім, жесір, аруға -
Бостандықтың жас егіні піскен күн.
Бүгінгі күн барлық күнге тұрған күн,
Ұлы Октябрь сегіз жасқа толған күн.
Езілгендер ұрандасып той тойлап,
Жауыздардың қол-аяғын буған күн.

7 ноябръ, 1925 ж.
Иса Байзақов, Сегіз жаста ұлы октябрь lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016