Қадірлі қонақтар lyrics

Иса Байзақов

0
0

Share:


Тасыды көңілім, шалқыды,
Сүйінді мың сан балқыды.
Келе жатыр қалың топ,
Ту, ту, сонау, сонадан,
Қияда қиыр даладан,
Шаттана, шалқи шықты топ.
Электрлі жұлдыздай,
Гудогі күйлі андыздай,
Заводтан шықты қайнасып,
Алтын, металл кен атқан,
Коксті көмір таратқан,
Шахтыдан шықты жайнасып.
Қисынын тауып қибаттан,
Қиындықты қиратқан,
Ерлер шықты колхоздан,
Ат-айғырын кісінеткен,
Жүйрігін баптап есінеткен,
Ерінбес шықты совхоздан.
Түкпірден сонау бұрыштан,
Жайнаған жаңа құрылыстан,
Келе жатыр жас маман,
Жымыңдаса күлісіп,
Есебін ала білісіп,
Қызметкер де қаладан.
Айда поезд сыпылдат,
Тарт тамырын солқылдат,
Жетсін тобың жеріне,
Даярмыз біз де дайындат,
Қарсы ал музыка қоңыраулат,
Қадірлі қонақ еріңе.
Бұл топ кімдер тым қымбат.
Болар ма бұлар делегат.
Кеңес қайта сайлайтын.
Марқабат қалың табысын,
Өрлеп өмір барысын,
Шаттана келіп санайтын.

24 декабрь, 1934 ж.
Иса Байзақов, Қадірлі қонақтар lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016