Исаның Құдайберген ақынмен айтысы lyrics

Иса Байзақов

0
0

Share:


Құдайберген:
Сұрасаң өз атымды Құдайберген,
Халқыма айтқан сөзім ұнай берген.
Жынданып өлең буып жатқанымда,
Ұстазым Ғимадетдин дұға-ай берген.
Баласын Орта жүздің араладым,
Үш жүзге даңқым жетіп тарағанмын.
Бойында үлкен Қараой Қадиша қыз,
Айтысып оны жеңіп жол алғанмын.
Омбыда Сүйімбаймен салысқанмын,
Көкшетауда талайымен жарысқанмын.
Қызылжар, Көкшетауды сайран қылып,
Атбасар, Омбы барып көп қыстадым.
Жас ақын, жаңа талап ақын Иса,
Қолыңа домбыраңды сен де ұстадың.
Ағаңмен айтысуға дәме қылсаң,
Берейін кезек саған, мен бастадым!

И с a:
Құдеке, қолың жетті көп сұңқарға,
Шарқ ұрып таныс болдың жақсыларға,
Көңлі өскен, көкірегің кең, биік жансың
Сөйлесер сізбен менің күшім бар ма?
Иесі осы үйдің ер Жылқыбай,
Бүркіттің шыңға шыққан қыранындай,
Елі үшін азап шегіп ауыр жолда,
Құтқарған қиындықтан ерді талай.
Қанаты еліміздің шын қайрылды,
Бір жылда бар сұңқардан ел айрылды,
Қайғырып Қызыл ағаш жалпақ елі,
Ой мен қыр тегіс келіп бата қылды.
Құдеке-ау, менменсініп келдің қатаң,
Болмай-ақ қойсын аят, құран, батаң,
Өлеңмен айтар көңіл көп болды ма,
Бір адым шықпас па еді аруақты атаң.
Жеңдім деп алыс жерде әлдекімді,
Құр кердің мақтанменен көкірегіңді,
Ұялып сіз үшін мен зорға отырдым,
Сүйегім намыстанып жаман сынды.
Иса Байзақов, Исаның Құдайберген ақынмен айтысы lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016