Горький lyrics

Иса Байзақов

0
0

Share:


Жасыңнан талант қайнап, бойды кернеп,
Тұтанып от жалындай шықтың өрлеп,
Жаныңда тілдің тілі, өмір гүлі,
Бостандық бақытына тудың шөлдеп.
Көпіріп, күңіреніп, теңіз тулап,
Естіліп бақыт күткен үндер шулап,
Сол кезде сен де мініп қайратыңа,
Шарықтап көк теңізді ұштың қулап.
Теңіздей сонда халқың толқып жатқан,
Жол іздеп құтылуға қиянаттан.
Бөгемек елдің бағын болды жаулар,
Жыландай жылжып шыңңан қара бұлттан.
Сонда сен шімірікпей Горький данам,
Қолыңа құрыш сөзді алдың қалам,
Ажалды ңақ айырып дауылпазың,
Онымен «Сұңқар жыры», алтын «Анаң».
Мақсатқа бақытты елмен сүйтіп жеттің,
Тарихтың сан асуын басып өттің,
Сен өлдің, бірақ ісің өлмек емес,
Өшпестей алтын сөздер тастап кеттің.
Гениі сен көркем сөз - сүйген халық,
Жырлайды миллион жылдар сені тарих,
Сен жанысың, тілісің ақындардың,
Сенің сөзің жолың мен күндей жарық.
Иса Байзақов, Горький lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016