Ғаниатбек ініме lyrics

Иса Байзақов

0
0

Share:


Хатыңды алып қуаныштан шаттанып,
Асқар таудан асқандай боп аттанып,
Жауды жеңген жауынгерім келед деп,
Әкең отыр, қуатым деп мақтанып.
Туысқаның той үстіне той жасап,
Әне жарды, бір семізді ақтарып.
Мен де жүріп бара жатқан бойымнан
Салдым айғай, бір түн бойы тоқталып.
Иса Байзақов, Ғаниатбек ініме lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016