Бесінші желдірме lyrics

Иса Байзақов

0
0

Share:


Қарағанды - үшінші алып көмірлі
Гүлдендіріп нұрға малып өмірді,
Тілегі бір, жүрегі бір миллион күш,
Кен шығарып, жем шығарып - ұлы іске берілді.

Бесжылдықтың гүрсілдетіп соқты, әні, балғасын.
Құрыш қолдар - болат құрал қолға алсын.
Миллион білек, миллион тасқын табысқа,
Күннің көзі, жердің жүзі таң қалсын.

Бесжылдыққа, даярлыққа ұлы дабыл қағылды,
Қарағанды қара алтыным дариядай ағылды,
Сәулеттеніп, сағымданған заводым,
Көмір жинап, еңбек қайнап - алтын шырақ жағылды.

Кенге толы, біздей, сірә, бұл әлемде жер бар ма?
Бізден басқа жер жүзінде еңбегі асқан ел бар ма?
Елінде еңбек, жерінде еңбек қайнаған,
ССРО-дай тасқын көлдей кен бар ма?!
Иса Байзақов, Бесінші желдірме lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016