Ақанша lyrics

Иса Байзақов

0
0

Share:


Ортекедей орғытып мінген атын,
Көрсе көзің тоймайды салтанатын.
Тамаша,
Шаттанбайсың қалайша.
Отанымның жауынгер жұлдыздары.
Жауға бермес ерлерім мақтанатын.

Қайырмасы:
Ылғи жүйрік тұлпар аттай.
Мінгендері құйылтып,
Зулағанда атқан оқтай,
Ерлентеді сүйінтіп.
Жалындат, ерлер, жалындат,
Отан берік, елің шат.

Жау ұмтылса отанға, ду қайнайтын,
Қызыл әскер қырағы еш таймайтын,
Тамаша,
Шаттанбайсың қалайша.
Күлін көкке ұшырып фашистердің
Қызыл әскер ерлерім бет қайтпайтын.

Қайырмасы.
Иса Байзақов, Ақанша lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016