Индира Расылхан Жанымда болшы (2018), lyrics

Жанымда болшы lyrics

Индира Расылхан

2018

15
0

Share:



Алаңдаумен күн өтті,
қарайлаумен өткенге
Қалдым жалғыз үдеріп
нөсер көктен төккенде
Сенші маған ардақтым
сенсің менің алғашқым
Бұл өмірде еш жанды
саған теңей алмаспын!

Қайырмасы:
Сені мәңгі сүйемін жаным
Үмітімді үзбеймін жаным
Өзіңмен ғана белгілі ,сағыныштың өлшемі
Өшпесін деп махаббат оты
Жаратқаннан тілерім осы
Сүйемін түсінші жаным
Мәңгі жанымда болшы!

Сағындың ба бақтарды
құстар ән сап сайраған
Сағындың ба кездерді,
асыр салып ойнаған
Сен туралы күндерде
өзіңді іздей ойланам
Елес болып кетпейді
сенің бейнең жайнаған

Қайырмасы:
Сені мәңгі сүйемін жаным
Үмітімді үзбеймін жаным
Өзіңмен ғана белгілі ,сағыныштың өлшемі
Өшпесін деп махаббат оты
Жаратқаннан тілерім осы
Сүйемін түсінші жаным
Мәңгі жанымда болшы!!!