Айлы түн lyrics

Индира Расылхан

Айлы түн

0
1

Share:



1.
Айлы аспан астында, Тұнық сырды аштыңда
Дүр еткіздің жүректі, Сезім қылын бастыңда
Алғаш көрген сәттерді, Шерткен сырда тәтті еді
Таңға жуық жұлдыздар, Ұясына беттеді

Қайырмасы:
Айлы түннің таусылмас ғажабы, Жұлдыздары із тастап ағады
Аймаласқан екеумізге қарап, Бір жалт етіп бір сөніп барады
Бұлбұл үні тербетіп даланы, Жан сергітер айлы түн самалы
Екеуміздің жанымыз секілді, Бір басылып бір тулап алады

2.
Кездескен көп армайдан, Сезінеміз таңдардай
Жер бетінде жанымау, Тек екеуміз қалғандай
Таң сәулесі арайлы, Бойға нұр боп тарайды
Екеумізге жұлдыздар, Қимай қимай қарайды

Қайырмасы:
Айлы түннің таусылмас ғажабы, Жұлдыздары із тастап ағады
Аймаласқан екеумізге қарап, Бір жалт етіп бір сөніп барады
Бұлбұл үні тербетіп даланы, Жан сергітер айлы түн самалы
Екеуміздің жанымыз секілді, Бір басылып бір тулап алады
 

Индира Расылхан, Айлы түн lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

27.10.2015