Тау ішінде lyrics

Ілияс Байбосынов

Тау ішінде

0
0

Share:


Мен келем тау ішінде түнделетіп
Аймақты күңіретіп өлеңдетіп
Астымда ақ боз атым сылаң қағып
Жалтақтап, құлақтарын елеңдетіп
 
Ақ боз атым тұлпарым
Шалқыған көңіл сұнқарым
Көкірек керіп жұттым мен
Ауаның жазғы жұпарын
А-хоу, сүмбіл шаш
Тәтті сөзің, қара көзің
Білгейсің келгенімді жалғыз өзің
 
Ән салдым есіп майда, жаяулатып
Ырғалтып шырқап, толғап, баяулатып
Толқындай мың құбылған әнімді естіп
Тыңдарсың кірпік қақпай ояу жатып
 
Ақ боз атым - қояндай
Еркелеп басар аяндай
Тербеді даусым ауаны
Даңылдап қалқып баяулай
А-хоу, сүмбіл шаш
Қара көзің, тәтті сөзің
Білгейсің келгенімді жалғыз өзің 

Ілияс Байбосынов, Тау ішінде lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

22.10.2015