Сағынамын lyrics

Ілияс Байбосынов

Сағынамын

0
0

Share:


Көркің қандай құстың қатар ұшқаны
Неге солай жолымыз табыспады
Өртенемін сені ойлап жүрегімнің
Білмедің сен бақытым алыстағы

қайырмасы:
Іздеп сені сағынып сарғаямын
Тізбектеліп құстар қайтса әр айым
Ең қымбаттым сенсің махаббатым
Сол құстардан саған сәлем жолдаймын

Сен деп едім балап сені бағыма
Сүймегенің батты оттай жаныма
Күйгеніңді мұңды бір қалғанымды
Көздеріңнен сезбедің тағы  да

қайырмасы:
Іздеп сені сағынып сарғаямын
Тізбектеліп құстар қайтса әрдайым
Ең қымбаттым сенсің махаббатым
Сол құстардан саған сәлем жолдаймын


Ілияс Байбосынов, Сағынамын lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

30.10.2015