Аманат lyrics

Ибрагим Ескендiр , Ayree

Аманат

1
1

Share:


Сайын дала саулық үшін сан құрбан
сары даланың топырағын шан қылған
Аспан тектес азаттықтың жолында
Арда қазақ жанын қиған

Тарихынның төрт тамырын тектесен
иір қазақ кімге сенің кек десең
Қан мен терді есе сіңген далам-ай
Топырағы иіскесең

Тұяғы тозған тұлпардың
Қанаты талған сұңқардың
Атадан қалған киелі бұл жер
Аманат бізге, аманат!
Анамнан қалған ақ жаулық арық
Аманат бізге аманат!

Ұрпақ үшін ұлағаттық жолында
Алтын басын ыйығынан құлатқан
Терлігінен теңіздей тер төгілгіп
Әр ұядай қан аққан

Кеудесінде жусан иісі бұрқырап
Тамырында жылқы қаны жұрқырап
Жорықтардын қос тақымын бер қажап
Жауды жеңген ер қазақ

Тұяғы тозған тұлпардың
Қанаты талған сұңқардың
Атадан қалған киелі бұл жер
Аманат бізге, аманат!
Анамнан қалған ақ жаулық арық
Аманат бізге аманат!
ayree, айри, Аманат lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

29.10.2015
Music Videos
Ибрагим Ескендiр
Аманат