I2mar Туған елім (0) lyrics

Туған елім lyrics

I2mar

Туған елім

0
0

Share:


Нұрланып ақ таңмен айналаң,
Бағыңда құстарың сайраған.
Бұлақтар сылдырап жарысып,
Қырдағы гүлдерің жайнаған.
 
Шыршалар қол бұлғап әр белден,
Аққайың әдемі тербелген.
Алатау асқақтап алыстан,
Ауылға жарасып сән берген.
 
Қайырмасы
Гүл, айналаң, жұпар иісі аңқыған,
Жыр сыйлаған сұлу әсем қалама.
Ай сәулесі көлде жүзіп қалқыған.
Тұр сән беріп мынау дархан далама.
 
Далам бар осындай тамаша,
Қандай жан қызықпас қараса.
Қалаға айналып әдемі,
Отаным, жайнай бер жаңаша.
 
Алтыннан салдырып сарайды,
Бақыттың таңы атып арайлы.
Еліме жаңарып жайнаған,
Бар әлем қызыға қарайды.







GM

Added Lyrics

23.10.2015
Music Videos
I2mar
Туған елім