I2mar Асылым (0) lyrics

Асылым lyrics

I2mar

Асылым

0
0

Share:


 
1. Арайлы ақ таңда ашылған бір гүлсің,
Сайраған бақтарда сандуғаш, бұлбұлсың.
Жалт етсе жанарың жасқана қарадым,
Ғашықтық отына өртеніп барамын.
 
Қайырмасы:
Өзіңе құшақ жайдым да, 
Сен болдың маған арман.
Тербеліп жаным ай-нұрға,
Аққу боп қоншы айдынға.
 
Ақ таңым да – сен, мен аңсаған,
Аппағым да – сен, ғашық болдым мен саған.
Тәтті әнім де – сен, аяулым менің,
Сен асылым.
 
2. Бойымды баураған сен жұмбақ жанбысың,
Жанымды тербетіп балқытар әнбісің,
Даланың бар гүлін бір сен деп жинаймын,
Әлемнің асылын тек саған сыйлаймын.
 
Қайырмасы:
Ақ таңым да – сен, мен аңсаған,
Аппағым да – сен, ғашық болдым мен саған.
Тәтті әнім де – сен, аяулым менің,
Сен асылым. 







GM

Added Lyrics

24.10.2015
Music Videos
I2mar
Асылым