Lyrics
1. Сен кеткелі,
Бақытымнан мүлдем мән кеткендей.
Көңілімнің,
Көк нөсері сел боп өмірден сән кеткендей.
Есіңде ме?
Қызғалдақты белде қыр асқан күн.
Айлы кеште,
Аймаласып таңға көз ілмей сырласқан түн.
Қайырмасы
Қайыңдай құлап,
Тұрсам да сұрап,
Бақытым болып,
Қайтпадың бірақ.
2. Асыл бейнең,
Ажарың да ойда жатталғандай.
Альбомдағы
Суретіңде, жаным, жанарың сақталғандай.
Аңсағаным,
Жүрегім де сен деп бір соғатын.
Бәрінен де
Өзіңменен өткен ең қымбат бір сағатым.
Бридж
Күтуменен,
Өтем сені мәңгі, асыл айым.
Сен деп соққан,
Жүрегімді қайтіп сенен жасырайын.
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).