Ағады - Ертіс lyrics

І. Жақанов

Ағады - Ертіс

0
0

Share:


Көгілдір толқын, көгілдір тоғай
Көгілдір көкпен жарасып
Көңілге түрлі ой салған талай
Құмартқан талай сан ғашық


Қайырмасы:
Ертісім қабыл ал, жырды
Қабыл ал, осы әнді де
Жағаңда сенің айтылған сырды
Ұмытпас ешкім мәңгіге



Ағушы ең терең ойға бір шомып
Алдыңнан шықты ашық күн
Мүмкін сен келер ұрпақты көріп
Жеткенше бізге асықтың


Қайырмасы:
Ертісім қабыл ал, жырды
Қабыл ал, осы әнді де
Жағаңда сенің айтылған сырды
Ұмытпас ешкім мәңгіге



Ертісім берік айнымас жолдас
Өзгенше бір сыр толғайды
Өзенсіз мұхит, теңіз де болмас
Елінсіз ер де болмайды


Қайырмасы:
Ертісім қабыл ал, жырды
Қабыл ал, осы әнді де
Жағаңда сенің айтылған сырды
Ұмытпас ешкім мәңгіге



Ертістің қатты ағыны, сәулем
Ағынға бетті түзейік
Осының өзі қызық бір дәурен
Толқынға қарсы жүзейік


Қайырмасы:
Ертісім қабыл ал, жырды
Қабыл ал, осы әнді де
Жағаңда сенің айтылған сырды
Ұмытпас ешкім мәңгіге

И. Жақанов
І. Жақанов, Ағады - Ертіс lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

28.10.2015