Желтоқсан жалауы lyrics

Хусаин Ансаган

0
0

Share:


Бес күндік жалған бесігінде бұлқынып,
Байтақ өмір белесіне ұмтылып.
Кеше ғана желтоқсанның желі есіп,
Тарихыма таңбаланған қыршын жұрт.

Желтоқсан толғауында мәңгілік,
Кейбіреулер күресінде әл біліп .
Егемен ел таңы атты қасқайып,
Аязына Алатаудың ау құрып.

Азапталып арландары қазақтың,
Жарқырады төбемізден азат күн.
Желтоқсан ұмытылмас мәңгіге,
Ізі қалған Сәбира, Ербол, Ләзаттың
.
Желтоқсанда қайсар кеткен Қайратың,
Күрегіне қызыл тілмен қайрап үн.
Азаттықтың үнін аңсап ақтаңнан,
Алатаудың Арланы ұлып жататын.

Тарихтың толғауына бөленіп,
Бой түзеді егемен ел ерен ұлт.
Жаса мәңгі Қазақстан отаным,
Жырлап өтем сені мәңгі өлең ғып.
Хусаин Ансаган, Желтоқсан жалауы lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016