Мұқаңның үні lyrics

Хусаин Ансаган

0
0

Share:


Көгімде күннің күлімдеген нұры бар,
Кеудемде жердің үлбіреген гүлі бар.
Сайраңдап өтер сағымдай мына өмірде,
Мұқаңнан қалған мұңғұрсақты сырым бар.
Мұңын шерткен мұңдасы болған Мұқаңның,
Менің де бір шертілмеген жырым бар.
Зымырайды өмір атты ақ айдын,
Асау толқын жанын қиған талайдың.
Мұнар-мұнар мұңдар қалған кеудемде,
Мұқаңдардан мұң құрсақты ақ айбын.
Тұнғиық түннің төсі неткен мамықтым,
Таң атады толғауынан шабыттың.
Жаралы ойлар жабырқатты жанымды,
Шабыт бер маған жыр жазайын тамұқ түн.
Тұнғиық түнде табытта қалып түнеген,
Бермейді маза кеудені кернеп бір өлең.
Мұқаңды жоқтап мұңын шертіп жылайды,
Шерлі еді сонша шекпенін киген мына өлең.
Мұңайтып кетті Мұқаңды кімдер өлтіріп,
Жырлайды өлең көңіліне шер тұнып.
Өлсе де Мұқаң өшпейді өлең өмірі,
Өлең өмір Мұқаңнан қалған бөлтірік.
Қанатты өлең құрсауына салып ап,
Таңдар атты талай-талай сыбдырлап.
Мұқаңдар жоқ табытты да жұбатқан,
Қалғанды өлең қанаттары салбырап.
Хусаин Ансаган, Мұқаңның үні lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016