Егемен ел lyrics

Хусаин Ансаган

0
0

Share:


Міне, бүгін егеменмін еренмін,
Босатылдым бұғағынан көгеннің.
Егеменді ел жайдарлы болғасын,
Төбемізден шуақ нұрын төгер күн.

Егемен ел қандай ғажап аспаның,
Су бетіне айдың нұрын шашқаның.
Тебіреніп толқыныңдай тербеліп,
Менің де бар сағыныш жыр құшқаным.

Тарихтың шежіресінде сақталған ,
Жазықсызды айыпты ғып таптаған.
Отан үшін жанын қиған баһадүр,
Бабалардың туғанына мақтанам.

Жанға азық береке бірлік нұр тұнған,
Егемен ел жайдарлы неткен түр тұлғаң.
Жайраңдап тұрсың Жайық Ертіс бойында,
Жылмаңдап өтіп жиырма жылда шың құздан.

Өтті талай қиындықтар құбалаң,
Біз жетпеген жолдар жатыр шұбалаң.
Сол арманға жетелейді желкінтіп,
Ел басымыз тұғыры биік Нұрағаң.

Есім ханның ескі жолы мәңгілік,
Қасым ханның қасқа жолы жаңғырып.
Бірлігі мол берекелі елі үшін,
Нұрағаның әр жолдауы заңдылық.
Хусаин Ансаган, Егемен ел lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016