Ақбидай lyrics

ХАНЗАДА

Ақбидай

0
0

Share:


Жүрегі шын жақсының-ай айдынды көл-ай,
Аққудай көлден ұшқан-ай, дүние-ай, мамырлай көр-ай.
Жақсының қайда жүрсең-ай жанында бол-ай,
Жаманға іздесе де-ай, дүние-ай шалынбай жүр-ай.

қайырмасы:
Ақбидай - арпа сағындым қалқа,
Қиғаш қас жазық маңдай-ай,
Қайдасың қалқатайым-ай?

 
Дүние өте шығар-ай, шыр айналып-ай,
Су ағар ескі арықтан-ай, дүние-ай лайланып-ай,
Қалқажан ән салайық-ай, осындайда-ай-оу.
Келгенше кім бар, кім жоқ-ай, дүние-ай жыл айналып-ай.

қайырмасы:
Ақбидай - арпа сағындым қалқа,
Қиғаш қас жазық маңдай-ай,
Қайдасың қалқатайым-ай?
ХАНЗАДА, Ақбидай lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

18.12.2015