Сағындым сені lyrics

Халық әні

Сағындым сені

0
0

Share:


Сағындым сені,сағындым еркем,
    Қызғалдақ толы көктемде.
    Сағындым еркем, сазымен көркем,
    Қаңқылдап қаздар өткенде.
   
    Қайырмасы:
    Сағындым сені, аяулым,
    Келсеңші маған ән болып.
    Сағындым сені, аяулым,
    Келсеңші маған, келсеңші маған таң болып.
   
    Қайда сен жүрсің аяулым еркем,
    Нұрлы жаз күліп жеткенде.
    Өзіңе арнап ән - күйді шертем,
    Сағыныш сазы көп менде.

Қайырмасы:
    Сағындым сені, аяулым,
    Келсеңші маған ән болып.
    Сағындым сені, аяулым,
    Келсеңші маған, келсеңші маған таң болып.

Іздедім сені сарыала күзде
Іздедім қыстың кезінде
Сандуғаш үнді, қарақат көзді
Қайдасың еркем бүгінде

Қайырмасы:
    Сағындым сені, аяулым,
    Өмірдің сұлу заң едің
    Сағындым сені, аяулым,
    Өмірдің сұлу өмірдің сұлу заң едің
халық, әні, халык, ани, halik, halyk, halyq, haliq, ani, Сағындым сені lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






19.12.2018
Users

GM