Нәзік сезім lyrics

Халық әні

0
0

Share:



Мазалайды бізді анық
Амалсыздық, күрсіну.
Екеумізге қызғанып
Қарап тұрды бір сұлу.
Қарап тұрды бір сұлу.

Түсінгенмен не етемін?
Құйып-құйып кетемін.
Көздеріңе мол қайғы,
Көздеріңе мол қайғы.
Екеуімізді қоспайтын.
Жатыр алда жол бөлек.

Алдырып қой, тосты айтып,
Ай барады дөңгелеп,
Ай барады дөңгелеп.
Бұл ақымақ сезімді,
Жендірейік ақылға.
Көзіңдегі көзімді,
Жоғалтпай жүр, мақұл ма,
Жоғалтпай жүр, мақұл ма?!
Солқ еткендей жүрегім
Белгісіз бір екпінмін,
Күлдей болып гүл өңім,
Үнсіз шығып кеттім мен.
Үнсіз шығып кеттім мен.
Ақылдымыз, осы рас,
Ісіміздің бәрі ізгі,
Тек махаббат есуас
Жылап қалған тәрізді,
Жылап қалған тәрізді.

Сөзі: Қ. Ахметова
Әні: Г. Шәмшиева
халық, әні, халык, ани, halik, halyk, halyq, haliq, ani, Нәзік сезім lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

Қонақ

10 March 2016

керемет!

Anonymous

Added Lyrics

01.03.2016