Еркем менің lyrics

Халық әні

Еркем менің

0
0

Share:


Ел бесігі Ертіс өзен төсінде,
Мамыражай майда қоңыр кешінде,
Қайық қалқып, көңіл шалқып серуенде,
Еркем менің, ерке әнің есімде.

Сағындым ғой сол әніңді сан сырлы,
Сарғайдым да, тағат шіркін таусылды.
Құрбыларың қолдан өзі орнатқан
Магнитқа тыңдасыңшы даусыңды.

Көктемеде жыл құсымен бір келші,
Кешікпеші, көктемеге үлгерші.
Жайраң қағып , сайран салып қаз-қатар,
Жасыл Нұра жағасынан гүл терші.
халық, әні, халык, ани, halik, halyk, halyq, haliq, ani, Еркем менің lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

05.11.2015