Дос керек lyrics

Халық әні

1
0

Share:


Жалғаныңнан жалыққанда дос керек,
Сағыныштан тарыққанда дос керек.
Арман алыс, үміт ұзап жеткізбей,
Жалғыз қалып қамыққанда дос керек.
Кіші-үлкенмен келісуге дос керек,
Мауқын басып көрісуге дос керек.
Тірлігіңде қызық көріп, той тойлап,
Қуанышты бөлісуге дос керек.

Қайырмасы:
Дән риза менің нәзік гүл жаным,
Таттық біз дәмін, ғұмыр мырза күн.
Бұл дүниеден саған, досым-ай,
Саған, досым, саған, досым, ризамын.

Дұшпаныңмен егесуге дос керек,
Ақылдасып кеңесуге дос керек.
Қадіріңді білмейтұғын тірлікте,
Ағайныңмен теңесуге дос керек.
Дүниенің жалғанында дос керек.
Қанатыңнын талғанында дос керек.
Қуанатын жүрегімен сен үшін,
Жұлдызыңның жанғанында дос керек.

Қайырмасы.

Зәбір көріп айрылғанда дос керек,
Табаныңнан тайдырғанда дос керек.
Қорлық көріп қаумалаған көп иттен,
Көкжалдайын қайғырғанда дос керек.
Жапырақты жаярыңда дос керек,
Өміріңнің баянында дос керек.
Ақылдасып қалу үшін армансыз,
Ғұмырыңның аяғында дос керек.
халық, әні, халык, ани, halik, halyk, halyq, haliq, ani, Дос керек lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Anonymous

Added Lyrics

21.02.2016