Алғашқы Әнім - арманым lyrics

Халық әні

Алғашқы Әнім - арманым

0
0

Share:


Алғашқы сенің сырларың,
Естілді маған ән болып.
Алғашқы жарқын дидарың,
Алдымнан атты таң болып.

Қайырмасы:

Алғашқы әнім- арманым,
Арайлап атқан таңдарым.
Алғашқы туған махаббат,
Әнімді саған арнадым.


Сен тұрсың әлі еркелеп,
Көзіңе мөлдір көл тұнған.
Жаралдың ба әлде жел тербеп,
Толқынды қуған толқыннан.

Қайырмасы:


Атыңды әнге қосамын,
Жаңғыртып таудың орманын.
Сағындым, еркем, сені ойлап,
Қайдасың, асыл арманым?!

Қайырмасы:
халық, әні, халык, ани, halik, halyk, halyq, haliq, ani, Алғашқы Әнім - арманым lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

05.11.2015