Lyrics
АҢСАУ
Қайда кеттің қайран дүние, қайран күн?
Көзден ғайып болғаныңа қайранмын!
Тостағанның түбін басқа төңкерген,
Тәтті дәмі таңдайымда айранның.
Қайырмасы:
Қайда қалдың бота көзді бала күн,
Қайда көшіп, қайда маңып барамын?
Туған жерді аңсағанда жүрегім,
Топырағын сағынады табаным.
Қадіріңді білмеппін-ау, қайран күн,
Арқасында сауық пенен сайранның.
Сені іздедім ортасына түскенде,
Өмір деген арпалысқан майданның.
Қайырмасы.
Жылдам қаққан қанатындай құстардың,
Қайран күндер, қайтіп сені ұстармын?
Қайта айналып келмейсің-ау, дариға,
Дидарыңды бір көруге құштармын.
Қайырмасы.
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).