Жан анамды сағындым lyrics

Гулжазра Абдхайымова

0
0

Share:


Балдарым деп араша түсер анашым өзің,
Бұл дүнеде көлеңкесің панасың өзің.
Желі ешкімнің тмес пе еді өзің барда,
Аналардың ішінде біреу ғанасың өзің.

Қиналғанда ақыл сұрар анашым менің,
Қияға ұшырдың өзің барда табылып теңім.
Қасымда бір отырғандай көрінесің,
Ыстық маған анаммен бір тұрған жерім.

Қалайша бар қайғымды ұмытайын,
Жарым көңіл кей кездері бүртүрлі уайым.
Арманым болмас еді өзің болсаң,
Шүкіршілік тәубеге қайтем ұмтылайын.

Жан анам - жаным ана өзің барда,
Мұңаймас ем көңілімді кір шалғанда.
Анасы бар адамдар қартаймайды,
Жылап алам өзіңді сағынғанда.

Аналарың аман болсын қасыңдағы,
Жайқалып тұрған бәйтеректей бағыңдағы.
Кей кездері ренжітіп жатамыз ау,
Ақылшың да жанашырың жаныңдағы,
Сені әкелген өмірге бір ғана жан,
Ағып жатқан қаның ол тамырыңдағы.
Гулжазра Абдхайымова, Жан анамды сағындым lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Added Lyrics

29.12.2016