Желбіре туым lyrics

Гүлзада Дүсетова

0
0

Share:


Желбіре туым, көтеріл қане, биікке!
Елімнің туы сенің орның, әркез биікте!
Асқақтат атын «Қазақстан» -деген халқымның,
Мерейі өсіп, көрінсін әркез биікте!Көгілдір туым-бейбітшіліктің нышаны,
Қыраным болса, қырағылықпен ұшады.
Күнімнің нұр шұғылалы,алтын бейнесі,
Байлығымменен, берекемнің- үлкен нышаны.Туымның шеті-өрнектелген алтын оюмен,
Жасалған бұл ту-Шәкен атамның ойымен.
Мәңгілік елдің-рухани, қымбат байлығын,
Сипаттап міне, жазып отырмын ойыммен.Желбіре туым-еркіндігімнің жыршысы,
Шексіз өмірдің-игіліктің болған елшісі.
Туымның ұстар, тұғырын әркез биік қып,
Боламын менде, болашақтың үлкен жыршысы.Мақтаныш кернеп, көкірегімді кейде қуанам,
Рахмет саған, бейбітшілік берген жер анам.
Отаным деген-киелі ұғымды, білдірер,
Туымды әркез биік ұстаймын, дін аман.
Гүлзада Дүсетова, Желбіре туым lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Added Lyrics

09.11.2017