Періште монологы lyrics

Гүлзада Дүсетова

0
0

Share:


(Баласын әр жерге тастап кеткен тасбауыр аналарға арнау)Ғасырдан да ұзақ болды, бір күндік сүрген өмірім,
Келмей жатып дүниеге, бұл өмірден жерідім.
Тоғыз ай, он күн көтерген менің анамда,
Жек көріпті мені, қор қылыппын оның өмірін.Керексіз екем, керексіз болып келіппін,
Дүниеге мынау, бір күнім үшін еніппін.
Не үшін айтшы, анашым мені жек көрдің?!
Ал қазір міне, көмусіз жатқан өлікпін.Бақытсыз еттім, қайғы боп оған жабыстым,
Менің кесірімнен, әкем де одан алыс –тым.
«Алдырып таста!»-деп еді, оған әкешім,
Кедергі болды, төрт айлық жүрек қағысым.Сол күннен бастап, әкемде бізді тастады,
Танымайды мүлдем, жаңадан өмір бастады.
Ал анам ше, анам не істегенінде білмейді?!
Сондықтан да міне, мені де жойып тастады.Періште болып, кеттім мен мәңгі тұраққа,
Анамнан алыс тұрамын қалай жырақта.
Жүрегіңде мәңгі орын табайын анашым,
Сен де мәңгілік жүрегімде менің тұрақта.Кешірші анам, бақытсыз етсем мен сені,
Жаратқаннан сұраймын, «түсірмесін сенің еңсеңді».
Періштең болып, жаныңда мәңгі боламын,
Қорғап жүремін қауіп-қатерден мен сені!05.03.2017жыл
Гүлзада Дүсетова, Періште монологы lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Added Lyrics

09.11.2017