Мені ұмыт! lyrics

Гүлзада Дүсетова

0
0

Share:


Болды жетер, мен сені жек көремін,
Енді айтсаң мен саған кектенемін.
Махаббатты айтқанда көздеріңнен,
Сезім емес маған деген кек көремін.Түсің дейсің, не үшін түсінемін?!
Кей-кейде сені ойлап, күрсінемін.
Білемін, барлығында білемін мен,
Сондықтан сені іштей түсінемін.Сезіміңді ақтарма маған ашық!
Бұл өмірде адам бар маған ғашық.
Мына жүрек, басқа деп соққан еді,
Ол мүлдем бола алмады маған ғашық!Мен саған баға бере алмадым ғой,
Сергелдең боп, санамда қалмады ой.
Есің барда еліңді тапшы досым!
Жүрегіме ауырлық салмай-ақ қой!!!Артық айтсам, кешірші айып деме,
Мен ақынмын сөзімен шабар төрге.
Бақытты бол кедергі бола алмаймын,
Мені ұмыт, досым-ау айып көрме!
01.06.2017 жыл сағат 22:59
Гүлзада Дүсетова, Мені ұмыт! lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Added Lyrics

10.11.2017