Мен қазақпын lyrics

Гүлзада Дүсетова

0
0

Share:


(Қазақ деген-ұлы халқыма жас жүрегімнен арнау)Мен қазақпын, тектінің бір ізімін,
Қолаң шашты, қаракөз бір қызымын.
Асылдың сынығымын, жақұтымын,
Болашақтың тарихы,бір ізімін.Мен қазақпын, жауынан қорықпаған,
Халқымның рухымен шарықтағам.
Наркескен намысының бейнесі боп,
Болашаққа қырандай қалықтағам.Мен қазақпын, жігерлі жас ақынмын,
Шын жырласам бәрінен аса тұрдым.
Мен қазақпын, бірліктің елшісімін,
Қайғысын татулықпен басатұғын.Мен қазақпын ұлымын, еркінмін мен,
Бабаларым батылдықпен жер тіреген.
Салт-дәстүрді санамда мәңгі сақтап,
25-жыл, бір жүрдім еркіндікпен.Мен қазақпын дәстүрге бай халықпын,
Жүрегі бар жерімде сан халықтың.
Мен қазақпын, қазақ боп қалар мәңгі,
Қарақаттай қызымын мен халықтың.Мен қазақпын, еліммен мақтанамын,
Тілімменен тегімді сақтағанмын.
Қазақ болып, келдім мен бұл өмірге,
Қазақ болып, өлсем мен мақтанамын.Мен әлі, елім жайлы көп жырлаймын,
Халқымның қасиетін қор қылмаймын.
Болмысы мен бітімі биік болған,
Қазағымның бірлігін,мен ойлаймын!!!09.02.2017жыл
Гүлзада Дүсетова, Мен қазақпын lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Added Lyrics

09.11.2017