Мен ғашық адамға lyrics

Гүлзада Дүсетова

0
0

Share:


Ұнатып қалғанымды кеш біліппін,
Жетегінде кетіппін көп күдіктің.
Кешір мені, мен саған сенбеп едім,
Үзілгенің білмедім үмітіңін.Қанша уақыт өтіпті сен кеткелі,
Жүрегімді ешбір жан емдемеді.
Ұмытып кеткен шығар деген едім,
Келіпсің ғой жүректі емдегелі.Енді білдім ақымақ болғанымды,
Мына жүрек, өзгені таңдамады.
Сен кеткенде көп өлең жазып едім,
Солай ғана жүрегім алданады.Ғашық жүрек өзгеге бара алмайды,
Өтті кетті ол күндер оралмайды.
Бір-бірің ұнатқандар қосылмаса,
Сезім суып, жүрекке толар қайғы.Кешір мені істеген ісім үшін,
Білемін де, мен сені түсінем шын!
Қанша рет жүрегіңді қинасамда,
Жақсы көрдің, ұнатам мен сол үшін!Уәде берем сені қинамаймын,
Болды енді, сезімді сынамаймын.
Мен сені әрқашанда ұнатамын,
Енді мен бақыттымын, жыламаймын!!!03.06.2017 жыл 23:34 сағатМахаббат сезімі қандай ұлы! Мен өз сезімімді қанша жыл жасыруға тырыстым, солай жүріп өзім сүйген жанның жүрегіне қаяу да салып үлгердім. Бірақ қазір бәрі жақсы............
Гүлзада Дүсетова, Мен ғашық адамға lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Added Lyrics

03.11.2017