Ей адамдар lyrics

Гүлзада Дүсетова

0
0

Share:


Жақсылықты көрмейсің,бірақ сырттан күндейсің,
Білем дейсің өзіңше, сен ештеңе білмейсің,
Әңгіме айттың көпіріп, мен әділмін, ақпын деп,
Сұрмақшы ем сол кезде, байлықты қайдан таптың деп?!
Біреулер жүр, халықтың еңбегің жеп есіріп,
Жүреміз білмеймін қашанғы, ондайларды кешіріп?!
Жемқорлық жоқ дейміз де, тамыр-таныс табамыз!
Ақша үшін сатылған, сол ма біздің бағамыз!
Заман азған дейміз де, адамдарды ақ қылдық,
Шындық айтса шырылдап, ондайларды жат қылдық.
Ажал кеп әмір еткенде, бізде мәңгі кетерміз.
Бір көр болар мекенің, үй салсаңда шетелден.
Жақсылығың жар болар, жамандығың тар болар,
Пендеміз ғой бәріміз жауапқа бір күн алынар.
Жетімді жүрміз жылатып, қарттарды жүрміз құлатып,
Қазақы тілмен айтқанда қылмыс еді бұл анық.
Ата-анаң үшін ұялып, жынданып кейде жүресің,
Әйелің күндеп жатса сен, қосылып бірге сөгесің.
Күнің барма қазағым?!
Ата-ананың қадірің қайғысын шекпей білетің!
Көзіміз ашық дейміз де, білемінге саламыз,
Ақшаны ғана көретін, соқыр боп қайда барамыз.
Сезерсің мүмкін өзіңде, бұл істің пайда бермесің,
Жасына қалған жақсының, өмірің сор боп жүрмесің.
30.11.2017 жыл
Гүлзада Дүсетова, Ей адамдар lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Added Lyrics

09.11.2017