Досыма жауап lyrics

Гүлзада Дүсетова

0
0

Share:


Бір досым маған сұрақ қойды:
-Осы махаббат сезімің қалай тұншықтыруға болады?
-Түсінбедім, неге менен сұрап тұрсың?
-Сен жақсы түсіңдің ғой, өзіңді өтірік білмегенге салмашы! Мені білмейді деп ойлайсың ба? Мен бәрін білем, кімді жақсы көретініңді, сол жан келсе болды өтірік жек көргендей кейіп жасап, оны қызғансаң өтірік күлетініңді мен бәрін білем! Мен саған қатты қызықтым, мағанда сезімімді тұншықтыруды үйретші!
(Осы өлең сол досыма жауап ретінде арналған)Қызығасың неге, мінезім менің осындай?!
Салдарың білсең кетер ен, маған қосылмай.
Тәкәппар болдым, мойындау менде болмады,
Жасырдым содан, қызықпашы маған досым-ай!Өзгелерге ұқсап, риясыз досым күлмедім,
Жасандылық болды, өмірімде әркез көргенім.
Жылайын десем көзімнен жаста шықпайды,
Іштей ғана жылап, лапылдап тұрып сөнгенмін!Ғашықпын мен деп, жаһанға жарды салмадым,
Махаббатсыз болды, өміріме енген арманым.
Ол қанша мені, жақсы көрерің білсемде,
Әркіммен қосып, жүрегімді мына алдадым!Күндерде өтер, ұмытар мені деп сендім!
Бақытты болсын,өзгеге оны көп бердім!
Ұмыт деп мені, айтарымды айтып кеттім ғой,
Жақсы көре тұра, сыртымнан оны жек көрдім.Осылай болды, осылай өмір жалғасты,
Шыншылдығымнан бір белгі қазір қалмапты.
Өтірік күлем деп жүріп досым өмірде,
Айырылып қалдым мінезімнен асыл, салмақты.Сен басқасың қайтар, мен сүйген жанды!
Деп айтты ол маған күрсініп.
Тәкәппар болдым, жабырқаттым жанды,
Мінезіме жүрме сүйсініп.Досым-ау маған ере көрмеші,
Мен сияқты мүлдем болмашы!
Бағала саған ғашық адамды,
Бармағыңды тістеп қалмашы!
02.06.2017 жыл, сағат 4:47
Гүлзада Дүсетова, Досыма жауап lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Added Lyrics

10.11.2017