Cезім жайлы ой lyrics

Гүлзада Дүсетова

0
0

Share:


«Махаббат жоқ!» - деді, маған біреу кеп,
Күрсіндімде ақыл айттым түрегеп.
Махаббатты мен өзімше түсінем,
Сондықтан да, ақыл айттым түрегеп.- Тәкаппар ем, тасжүрек боп жаралғам,
Мақсатым бар, бірақ жоқ еді, бір арман.
Ешкімге мен басымды имеп едім,
Қиындықтарға, сондықтан қарсы тұра алғам.Ешкімді, мүлдем ұнатпағанмын, сүймегем,
Махаббатты білмеймін, отына мүлдем күймегем.
Менде ойлаушы ем «махаббат жоқ, деп өмірде»
Ертегі де ғана деп кездеседі, деп түйген ем.Тәкаппар болдым, қарсы келмеген ешкімде,
Қатемді айтып , сөкпепті мені ешкімде.
Екіжүзді, арам адамдарды көріп өмірден,
Одан бетер кеттім, тәкаппарлықпен өстімде.Өзгертті келіп, өмірімді менің бір адам,
Тәкаппарлықтан озып тұр менен бір қадам.
Менбеуші едім, талай адамды бір қарап,
Менсінбейтін мені, бірінші рет шықты бір адам.Басында мүлдем, жақтырмай жүрдік, қарамай,
Сәл нәрсеге бола, сөзге келеміз баладай!
Осылай жүріп, ұнатқанымды білмедім,
Жек көргендей болдым, өзімше оған қарамай,Уақытта өтті, мінезімізде өзгерді,
Бір-бірімізді сөзсіз-ақ түсінер кез келді.
Көзіне қарап, не айтатының білемін,
Түсінбедім қалай, мінезім менің өзгерді.Күн сайын, күнде қарайлап, маған жүретін,
Жаныма жақын, не керегіңде білетін.
Осылай жүріп, бір-бірімізді ұнатып,
Кезге де жеттік, қуанып бірге күлетін.Тәкаппарлығым сонда да, болды кеудемде,
Жек көргендей болам, өзімше менде өр кеуде.
Қанша рет маған, сезімін ашық айтса да,
Қарсы шықтым ғой, тәкаппар жаным көңбеуде.Бірақ та, бірақ тағдыры келте болды ма?
Оның көктемі, білмеймін, ерте солды ма?
Бір күні, оның жүрегі ауыратының естідім,
Жылағым келді, жүрегіме қайғы қонды да.Хабарлама келді: «Кездесейік, келші!»- делінген,
Ол жіберген екен «Барамын!» -дедім сеніммен.
Бәрінде ашып, айтамын дедім, өзімше,
Алып-ұшып барам, көзімнен жастар төгілген.Сол орынға бардым, білмеймін ерте келдім бе?!
Күтіп тұрмын оны, ол бірақ, неге келмеуде?
Алаңдап отырмын, жүрегім қатты соғуда,
Бірдеңе болды, жүрегім неге сеңбеуде?Алаңдап тұр ем, қоңырау түсті бір кезде,
«Алло!»- дедім де, жауап беріп ем, мен лезде.
Оның нөмірі, екенің кейін байқадым,
Сен кімсің?- дедім,күдік ұялады, кеудеме.
Сен кімсің?- айтшы,не қылды оған, не болды?
Неге үнсізсің?- жауап берсеңші, не қылды?
-Сәлеметсіз бе, ол ауруханада дәл қазір,
Тез келіңіз, өтінем, жарығы оның сөнуде.Деді де, өшірді, ауруханаға жүгірдім,
Өмір сүрсе екен, керексіз онсыз өмірім.
Ауруханаға, кірдімде, барам жүгіріп,
Аман болсын,-деп, үнсіз ғана мен, егілем.Бөлмеге келдім, есігі кішкене ашылған,
Аппақ мата көрдім, жүрегіме шоқтай басылған.
-Мүмкін емес-дедім, болуы мұндай мүмкін бе?
Өкініп барам, көңіліме қайғы шашылған!Бүгін бітті бәрі, жасымды тияр емеспін!
Кешегі сезім, бүгінде жоқсың, елессің!
Отыр едім жылап, дәрігер келді қасыма,
-Ол сізге арнап, хат жазған, соны бермекпін,
Деді де кетті, хатымды берді қолыма,
Ашып оқыдым қатты тисе де, жаныма.
Мені кешірші, лайықсыз саған болармын,
Ұнатпайсың мені, сондықтан үнсіз құладым.
Бұл хатты оқып, көзіне жаста аларсың,
Мүмкін жыламассың, білмедім, мүмкін жылауың?!Дөрекі сөйлеп, жанымды үнсіз жылаттың,
Өзімде білмеймін, не үшін сені ұнаттым.
Қайғы әкелдім саған, кешірші мені, өтінем,
Жаныңды ауыртып, мен сені жаным жылаттым.Осымен бітті, бәрінде өзін аяқта!
Жүрегімдесің, болайын мейлі қай жақта.
Бірақ та мәңгі, мен жайлы бәрін ұмытшы,
Бақытты болшы, соңғы өтінішімді аяқта!Осылай депті, осылай сөзі бітіпті,
Бақытты бол- деп, ол менен өтініш етіпті.
Уәде берем, жүрегімде оны сақтаймын,
Деп жүріп міне, үш жылда өтіп кетіпті.Бақыттымын қазір, қайғымда мүмкін сейілген,
Ұмытпадым оны, түсіме менің жиі енген.
Махаббатымның тарихы міне, осындай.
Махаббат жоқ деп, қайғырма мүлдем досым-ай!
Тәкаппар болма, тәкаппарлығыңды тыңдама!
Пәк сезімдерді, менсінбеушілікпен былғама!
Қадіріне жетші, сыйлаған әрбір адамның,
Мен сияқты болма, махаббатына бер баға!
Әр адамда бар ғой, жасырын жатқан сезімі,
Біреуге бермей, біреуге берген төзімді.
Бақытың бар да, ұшырып алма қолыңнан,
Осыны ескер, жерге тастама сөзімді!
Гүлзада Дүсетова, Cезім жайлы ой lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Added Lyrics

03.11.2017