Анаға хат lyrics

Гүлзада Дүсетова

0
0

Share:


(Жетімін-жылатпаған, ұлы халқымның болашақ аналарына арнау)Ойлана бердім, ойлана бердім не үшін?
Жүректе жара, бұзылды менің тынышым.
Жаңалықтарда, тастанды бала, жетімдер,
Қазақтың қызы безбүйрек болды, не үшін?Дүниеге келдің, туылдың сенде анадан,
Шырылдап келдім ,туылдым менде анадан.
Ана деген ат асқақ еді ғой, қалайша–
Пәк сәби неге, табылды өлі, даладан?Баласын тастап, әжетханаға, қоқысқа,
Ұлтымның қызы жаза басты ғой оқыста.
Туылған жаңа нәрестені тастап далаға,
Тасбауыр ана атандың, осы дұрыс па?!Анамды көрсем екен –деп, тілеп Құдайдан,
Жетімдер жүр ғой, тиылмаған көзі жылаудан.
Терезеге қарап, анашым қашан келер?!-деп
Тәрбиешісінен жалықпайды олар сұраудан,Жетімін мүлдем, жылатпайтын еді халқымыз,
Жойылып бәрі, бұзылған ата-салтымыз.
Анасының өзі тастап кететін баласын,
Не боп барамыз, өзгеріп біздің қалпымыз.Қазақтың қызы–биік ұстайтын намысын,
Мейірбан қыздар–болашақ ұлттың бағысың.
Қыз деген–қонақ,–деп күткен, ұлы халқымның,
Берік ұстап арын, көтеріндерші бағасын!Ана болады кез-келген әйел заты да,
Ана деген сөзбен көркем ғой әйел аты да.
Адасқандарға жол тауып берші, Тәңірім,
Баласына қамқор, берік болсын әйел атына... 12.11.2016 жыл
Гүлзада Дүсетова, Анаға хат lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Added Lyrics

10.11.2017