Адамдар мінезі lyrics

Гүлзада Дүсетова

0
0

Share:


Жамандар жақсымын деп жиі алдайды,
Жақсылар жақсымын да дей алмайды.
Таспен ұрған, жандарға ас берсеңде,
Қадіріңді еш уақытта, біле алмайды!!!Жақсы адамдар жолыңды кесе өтпейді,
Ал жамандар сыртыңнан өсектейді.
Досыңмен дұшпан болған қандай қиын?!
Жаман деп жақсылықты көрсетпейді.Жақсылар жаманыңды жасырады,
Жамандар ақшаң болса бас ұрады.
Биік болып, төменге түсіп кетсең,
Сені өсектеп, өтірікті асырады.Екіжүзді, жасанды бар мінезі,
Дей алмаймын оларға кім төзеді?!
Бәрі бірдей білемін жаман емес,
Әртүрлі ғой өмірдің бұл өзені.Біреуге тәрбиемен сана берген,
Ал біреуге біліммен баға берген.
Жақсы жолды серік қып таңдағандар,
Бұл өмірден өз еншісін ала білген!Аллаһ білер кім таза, кім күнәлі?!
Пендеміз ғой белгісіз көп сұрағы.
Мінсізбін деп, әлі де айта алмаймын,
Жақсылыққа қызығып жүрмін әлі!!!
Гүлзада Дүсетова, Адамдар мінезі lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Added Lyrics

09.11.2017