Жас келін lyrics

Гүлнұр Оразымбетова

Жас келін

0
0

Share:


1. Жетісу – келген жерім Қыбырай елі, 
Алатау бөктерінде қонған жері, халалаку ләйлім-ай.
Ақ басты Алатаудың баурайында, 
Айнадай жарқыраған Ыстық көлі, халалаку ләйлім-ай.
 
Қайырмасы: 
Көрерсіз айды-ай, 
Білерсіз жайды-ай. 
Жас келін ән салудан, 
Жалықпайды-ай, халалаку ләйлім-ай.
 
2. Жаңа ел, жаңа жерге әнмен келдім, 
Иіліп тізе бүгіп, сәлем бердім, халалаку ләйлім-ай.
Рұқсат үлкендерден алғаннан соң, 
Жолымды құтты қыл деп отауға ендім, халалаку ләйлім-ай.
 
Қайырмасы: 
Көрерсіз айды-ай, 
Білерсіз жайды-ай. 
Жас келін ән салудан, 
Жалықпайды-ай, халалаку ләйлім-ай
 
3. Сағыңды сындырмайын, ақын аға, 
Сөзіме ақын аға берсе баға, халалаку ләйлім-ай
Ұлықсат ағалардан алғаннан соң, 
Қосайын тамашаны тамашаға, халалаку ләйлім-ай
 
Қайырмасы:
Көрерсіз айды-ай, 
Білерсіз жайды-ай. 
Жас келін ән салудан, 
Жалықпайды-ай, халалаку ләйлім-ай
Гүлнұр Оразымбетова, Жас келін lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

22.10.2015