Сен дегенде lyrics

Гүлнұр Оразымбетова

2015

2
0

Share:



Өмiр бойы қол ұстасып өтермiз 
Армандар мен мұраттарға жетермiз 
Домбыраның екi шегi сияқты 
Өмiр әнiн, өмiр әнiн қосыла айтып екеумiз 
 
Қайырмасы:
Сен дегенде, сен дегенде таңмен бiрге ояндым 
Сен дегенде, сен дегенде күн нұрына бояндым 
Екеумiзге ауысса екен, аяулым 
Адалдығы, адалдығы Қозы менен Баянның 
 
Бiрге ұшып тiлегiң мен тiлегiм 
Араласын дала кезiп қыр елiн 
Тағдыр бiздiң кеудемiзге орнатсын 
Төлеген мен Төлеген мен қыз Жiбектiң жүрегiн 
 
Қайырмасы:
Сен дегенде, сен дегенде таңмен бiрге ояндым 
Сен дегенде, сен дегендекүн нұрына бояндым 
Екеумiзге ауысса екен аяулым 
Адалдығы, адалдығы Қозы менен Баянның 
 
Жүрегiме тәттi сезiм сен ектiң 
Жүрегiңе тәттi сезiм мен ектiм
Ғұмыр бойы мына бiздi қолдасын 
Махаббаты, махаббаты Еңлiк пен Кебектiң  
Гүлнұр Оразымбетова, Сен дегенде lyrics, 2015
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

Шұғыла Әлкенова

14 2017

мелодиясын енгизсениздер озиме жуктеп алар едим

Admin

Corrected text

21.06.2018
Users