Арманым-ай

Гүлнұр Оразымбетова

Арманым-ай

6
0

Share:








1.Өтеді күндер зулап 
Білінбей бір-бірден
Жүректе жүрген тулап
Арман аңсарын кім білген
Қамалдай алынбайтын
Лаулаған жалындай
Еркіңе бағынбайтын
Арманым дамыл таппайтын дауылдай
 
қ-сы:
Арманым-ай арманым-ай
Саған қарай самғадым
Қанша алыс болсаңда
Тек өзіңді таңдадым
Арманым-ай арманым-ай
Жетем дедің танбадың
Сенің ғана жолыңа 
Өмірімді арнадым
 
2.Балдаурен бала күннен
Жанымда сақтаған
Жетуді қаладым мен
Бақытты ғажап шаққа ма
Жігерің жалау болса
Қанатың талмайды
Армансыз адам болса 
Өмірдің мынау еш мәні қалмайды
 
қ-сы:
Арманым-ай арманым-ай
Саған қарай самғадым
Қанша алыс болсаңда
Тек өзіңді таңдадым
Арманым-ай арманым-ай
Жетем дедің танбадың
Сенің ғана жолыңа 
Өмірімді арнадым
Гүлнұр Оразымбетова Арманым-ай lyrics, Гүлнұр Оразымбетова 0


Загрузка...





Admin

Corrected text

21.06.2018
Users