Құдалар Гүлназ Нұрбалина

Құдалар

2
1

Share:


Lyrics



Атқан таңдай күліп арайлап,
Жадырап тұр жайнап бар аймақ.
Сырға салып, құда түсіп,
Күйеу көріп, қыз алысып,
Екі ел бүгін жатыр той тойлап.

Қайырмасы:
Қыз берісіп, қыз алысқан құдалар,
Бауыр жеген, ұн жағысқан құдалар.
Құшақ жайып, қарсы алатын құдалар,
Ортамызда биле, құдалар.
Құдалар,
Ажырамас туыс болған құдалар.
Сыйласып, сырласатын да құдалар,
Ортамызда биле, құдалар.
 
Көз қадаған таң қылып елді,
Шапан жауып, сәнді қылып зерлі.
Төс қағысып, құрақ алып,
Біз мыңжылдық құда болып,
Сыйласайық мәңгілік енді.
 
Қайырмасы:
Қыз берісіп, қыз алысқан құдалар,
Бауыр жеген, ұн жағысқан құдалар.
Құшақ жайып, қарсы алатын құдалар,
Ортамызда биле, құдалар.
Құдалар,
Ажырамас туыс болған құдалар.
Сыйласып, сырласатын да құдалар,
Ортамызда биле, құдалар.
 
Екі жастың бақытын тілеп,
Қызық сәттің уақытын күрмеп.
Көтерейік көңілдерді,
Өмірге бір өмір келді,
Қуаныштан жарылсын жүрек.



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Comments
Бахытгуль
15 2017

өте керемет

Added

30.01.2016