Гүлім Жүсіпбекова Балапан қаз (0) lyrics

Балапан қаз lyrics

Гүлім Жүсіпбекова

Балапан қаз

0
0

Share:


Бұл өлке — біздің ауыл жайлаған жер,
Желіге асау құлын байлаған жер.
Көзіме от-жалындай көрінеді, 
Айқасып құлын-тайдай ойнаған жер.
 
 
Қайырмасы:
 
Е-е-й, ахау сабаз,
Ұшырдым ұясынан балапан қаз.
 
Бұл өлке — біздің ауыл күздеген жер,
Қаракөз бойын сылап түзеген жер.
Көзіме от-жалындай көрінеді,
Қолаң шаш уәдесін үзбеген жер.
 
Қайырмасы:
Бұл өлке — біздің ауыл қыстаған жер,
Қайыңға кер жорғаны ұстаған жер.
Көзіме от-жалындай көрінеді,
Күлімкөз бір қызыққа бастаған жер.
 
Қайырмасы:
Бұл өлке — ата-бабам көктеген жер,
Қорамнан ақтылы кой кетпеген жер.
Көзіме от-жалындай көрінеді,
Алдымнан келін кесіп өтпеген жер.
 
Қайырмасы:






Admin

Corrected text

25.08.2017
Users

GM

Music Videos
Гүлім Жүсіпбекова
Балапан қаз