Ғазизхан Шекербеков Сен жетіспей тұрасың (2018), lyrics

Сен жетіспей тұрасың lyrics

Ғазизхан Шекербеков

2018

120
1

Share:



Баянсың ба? Жібексің бе? Еңліксің бе? Кімсің?
Әміріңді жүрекке жүргізе алмай жүрсің.
Менде үлкен арман бар,
Білмейтіндер білсін.
Сол арманға жетуге сен жетіспей тұрсың,
Сен жетіспей тұрсың
Сен жетіспей тұрсың

Сен жетіспей тұрасың, жалғыз өзім қалсам,
Сен жетіспей тұрасың, бір ортаға барсам.
Нең кетеді сыйлаған жүрегімді алсаң,
Бір жетісіп қаламын ау, сен жанымда болсаң.
Бір жетісіп қаламын, сен жанымда болсаң

Ақылдым ау өзіңе, жетеді сенің ақылың
Жеткізуге сезімді, менің де жетер батылым
Құрметтім ау өзіммен, кетем бе көрмей еш құрмет?!
Мынау бір кем дүниеде жетісіп жүрген ешкім жоқ, ешкім жоқ

Сен жетіспей тұрасың күндіз-түні маған
Құстай ұшып жетуге жетпей жүр ме шамаң?!
Көз жетпейтін көркің бар, сөз де жетпес оған,
Қолдан келсе бір күні қол жеткізем саған.
Қол жеткізем саған
Қол жеткізем саған

Сен жетіспей тұрасың, жалғыз өзім қалсам,
Сен жетіспей тұрасың, бір ортаға барсам.
Нең кетеді сыйлаған жүрегімді алсаң
Бір жетісіп қаламын ау, сен жанымда болсаң
Бір жетісіп қаламын, сен жанымда болсаң

Ақылдым ау өзіңе, жетеді сенің ақылың
Жеткізуге сезімді, менің де жетер батылым
Құрметтім ау өзіммен, кетем бе көрмей еш құрмет?!
Мынау бір кем дүниеде жетісіп жүрген ешкім, ешкім жоқ







Comments

Asel Katarkulieva

02 2018

Женісбек Сүйікті

28 2018

тема

17.05.2021
Music Videos
Ғазизхан Шекербеков
Сен жетіспей тұрасың