Қызым менің lyrics

Гауһар Қаспақова

2018

1
0

Share:



Қызым менің ең əдемі əлемім
Бұл дүниеге сыйым менің сəлемім
Қыщым менің инабатты салауатты ғаламға
Əл берер деп нəр берер деп сəн берер леп сенемін

Қайырмасы
Қызым менің қуанышым шаттандырған шалқытқан
Біздің үйдің əтір иісін əтір иісін аңқытқан
Қызым менің қызым менің мөлдір көлдей тұнығым
Қызым менің ақ дидарың алауласын бақыттан

Көңілімде бір өзіңнен көктеп жатыр алуан гүл
Қызым менің қызғалдағым тіл көздерден аман жүр
Сен келгенде мына дүние шабыттанып шарқырап
Көктің өзі секілді ғой төгіп тұрған саған нұр

Қайырмасы
Қызым менің қуанышым шаттандырған шалқытқан
Біздің үйдің əтір иісін əтір иісін аңқытқан
Қызым менің қызым менің мөлдір көлдей тұнығым
Қызым менің ақ дидарың алауласын бақыттан

Не тілейді ата ана балаға
Айдыныңа келім қонсын
Бақыт атты шағала
Қандырып ем уызына мейіріснің
Қызым менің қолдасыншы сені алла тағала

Қайырмасы
Қызым менің қуанышым шаттандырған шалқытқан
Біздің үйдің əтір иісін əтір иісін аңқытқан
Қызым менің қызым менің мөлдір көлдей тұнығым
Қызым менің ақ дидарың алауласын бақыттан


Гауһар Қаспақова, Қызым менің lyrics, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Corrected text

26.06.2018
Music Videos
Гауһар Қаспақова
Қызым менің