Дүнген қызы lyrics

Ғани Мәтібаев

Дүнген қызы

0
0

Share:


Түндей тұнық көздеріңнің қарасы,
Қосылардай қастарыңның арасы
Жалт қарасам жалын атқан ақ жүзің
Алаулайды атқан таңмен таласып сырғалым.
 
Қиял қанша ертегі елес
Дүнген қызы арманым
Кез боп келсе ертелі кеш
Сенен көзді алмадым
Өзгені емес, өзіңді ойлап жүр едім
Түсінер деп бір қазақтың жүрегін сырғалым.
 
Кімге болсын сүйкімді бір баласың
Жүрегімді жаулап алып барасың
Гүлге орайсың, түнге орайсың жылда сен
Елге жаннат ерге талас баласын сырғалым.
 
Қиял қанша ертегі елес
Дүнген қызы арманым
Кез боп келсе ертелі кеш
Сенен көзді алмадым
Өзгені емес, өзіңді ойлап жүр едім
Түсінер деп бір қазақтың жүрегін сырғалым.
 
Сені ойлаумен артта суық қыс қалды
Сені ойлаумен жазғы ұзақ түн қысқарды
Бақыт жайлы әнді бірге шырқайық
Қонақтатып қойып бауға құстарды сырғалым.
 
Қиял қанша ертегі елес
Дүнген қызы арманым
Кез боп келсе ертелі кеш
Сенен көзді алмадым
Өзгені емес, өзіңді ойлап жүр едім
Түсінер деп бір қазақтың жүрегін сырғалым.
Ғани Мәтібаев, Дүнген қызы lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

23.10.2015
Music Videos
Ғани Мәтібаев
Дүнген қызы