Ғалымжан Жолдасбай Құдашаға сыйлық lyrics

Құдашаға сыйлық Ғалымжан Жолдасбай

2022

2
0

Share:




Lyrics


Мен бастайын, бастайын,
Сөз бастаудан қашпайын
Ағайынның көңілін,
Бір көтеріп тастайын

Маған ойын бұрғандар,
Құлақ салып тыңдаңдар
Тойдың сәнін келтіріп,
Ал, ендеше шулаңдар

Ма- ма, Маржан, сіңілісі оның Гүлжан,
Сол жағында Ақжан
Сары шашты Сымбат,
Қалың қасты Ұлжан
Таныстырған барлығын,
Менің атым Ғалымжан!

Ал кеттік,
Айдана, Мәдинә, Дариға
Әйгерім, Кәмилә
Ұл-қыздар, кімде-кім сұраса
Құдаша де!

Қайырмасы:
Айналдым,
Айгөлек-ау, айгөлек
Тик-токта би билеп
Жүрсіңдерме гүлдей болып?

Айналдым,
Айгөлек-ау, айгөлек
Блогер мен модель болып
Жүрсіңдерме сөз сөйлеп?


Тоқтамайын, айтайын,
Қыздырайын, шайқайын
Қонақтардың бүгінгі,
Барын ас қылып қайтайын

Құдашалар не дейін?
Үстем болсын мерейің
Жеке-жеке, арнайы
Сыйлығымды берейін

Жұл-жұл Жұлдыз, құрбысы оның Құндыз,
Одан кейін тұрған, атын білмейм бір қыз
Той тізгінін ал ұстап, қырылдаған, бақырған,
Менің атым Ғалымжан!

Гүлзира, Нәзима, Нұрзия
Ақбота Индира
Ұл-қыздар, кімде-кім сұраса
Құдаша де!

Қайырмасы:
Айналдым,
Айгөлек-ау, айгөлек
Тик-токта би билеп
Жүрсіңдерме гүлдей болып?

Айналдым,
Айгөлек-ау, айгөлек
Блогер мен модель болып
Жүрсіңдерме сөз сөйлеп?



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

11.04.2022


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz