Қазақстан lyrics

Ғалымжан Жолдасбай

2018

1
0

Share:



Мерекесі келіп жетті елім жарасты
Пір тұтайын барша алашты
Егеменді таңы атып мінекей
Көк туымыз көкпен таласып
Тəуелсізді тойлау үшін барады халық
Ел есінде қалары анық
Дүрсілдеген жүрегіме туған елімнің
Махаббаты барады тарып

Қайырмасы
Сарыарқасы жұмақтай елім менің
Бір анадай туғандай бөлінбеді
Елін тойлап жаттанылым
Тəуелсіз ел мақтанышым
Жайлауына мен елімнің сенімді едім
Қазахстан елім менің

Мəңгілікке сүйіп өтем жұмақ мекенім
Беделіңді бақытты етемін
Жаны жайсаң қазақ деген халықтарымды
Сені қиып қайда кетемін
Аян боп тұр атағы бар əлемге
Арайланып таңы атары
Болашаққа шымылдығын айқара ашқан
Қазахстан мəңгі отаным

Қайырмасы
Ғалымжан Жолдасбай, Қазақстан lyrics, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Corrected text

03.06.2018
Users