Ғалым Сүлеймен Қазақ Қанаты lyrics

Қазақ Қанаты Ғалым Сүлеймен

2017

1
0

Share:




Lyrics



Алда тағы бір сынақ алаңы
Жалға жолдарын батыр бабаның
Жекпе жектерді тайсалмаи тұрған қазақ ұрпағы
Сұңқары тұлпары сырттаны батыры осынау дархан даланың

Қайырмасы
Алға сен ешқашан шегінбе
Алға батырлық бар тегіңде
Қыран қазақтың қанатысың
Самға бар əлемнің көгінде
Сенде қабанбайдың қайраты
Сенде бөгенбайдың айбаты
Берме ел намысын берілме
Қазақтың жұдырығы ел үшін жеңілме

Ғалам алашқа мəлім аибары
Саған сенеді елің аймағы
Шаршы алаңдарда шаршамай жүрсін қазақ баласы
Барысы арысы əлемге дəлелде көтерші қазақ байрағын

Қайырмасы
Алға сен ешқашан шегінбе
Алға батырлық бар тегіңде
Қыран қазақтың қанатысың
Самға бар əлемнің көгінде
Сенде қабанбайдың қайраты
Сенде бөгенбайдың айбаты
Берме ел намысын берілме
Қазақтың жұдырығы ел үшін жеңілме



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

27.02.2017


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz