Айтып бер lyrics

Ғаділбек Жаңай

2019

0
0

Share:



Сен бе күнім
Періштесін бұйырса
Пейіш бақтан бұйырады қайтып тұр
Бұл дүниеде болып жатқан жайттарды
Бәрін, бәрін жаратқанға айтып бер

Кедейлерді мазақтап, күлгендерді
Бай болса да зекетсіз жүргендерді
Қу дүниені бақыт деп білгендерді
Бәрін бәрін жаратқанға айтып бер

Барлық адам бір-бірін қорғасын деп
Барлық адам бір-бірін қолдасын деп
Бар әлемде бейбітшілік орнасын деп
Жарылқаушы жаратқанға айтып бер

Сауда жасап сәбиін сатқандарды
Арын сатып арам ақша тапқандарды
Арам оймен аққа күйе жаққандарды
Бәрін, бәрін жаратқанға айтып бер
Бауырларын бауырына баспағанды
Ата-анасын далаға тастағанды
Ақ қағаздың құлы болған қасқалардың
Бәрін, бәрін жаратқанға айтып бер


Ешбір адам зұлымдыққа бармасын деп
Ешбір сәби жетім болып қалмасын деп
Жер бетінде қарттар үйі болмасын деп
Жарылқаушы жаратқанға айтып бер


Барлық адам бір-бірін қорғасын деп
Барлық адам бір-бірін қолдасын деп
Бар әлемде бейбітшілік орнасын деп
Жарылқаушы жаратқанға айтып бер


Сен бе күнім
Періштесін бұйырса
Пейіш бақтан бұйырады қайтып тұр
Бұл дүниеде болып жатқан жайттарды
Бәрін, бәрін жаратқанға айтып бер
ғаділбек, жаңай, жанай, гадилбек, gadilbek, zhanai, janai, Айтып бер lyrics, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Corrected text

27.08.2019
Users