Share:





Загрузка...



Бұл өмір сабырлы болғанды ұнатар,
Сыны бар, кей-кезде қатігез жылатар.
Адалдық туын көтеріп жүргеніңмен,
Жалғанда жан көп шалып, сені құлатар.
Уақыттың түсін қайта айналып келмесін,
Қайтару мүмкін емес тағдыр кемесін.
Адам бо(лы)п өмір сүремін десең егер де,
Алладан кейін тек өзіңе сенесің.

Қайырмасы:
Керемет жан санамай өзіңді босқа,
Өзіңнен шыққан әрбір сөзіңді раста.
Иілмес айналаңның бәрі сен үшін,
Өзгерткің келсе бәрін өзіңнен баста.

Өмірде жүрме ешқашан тым тәкәппар,
Алдыңда күтер қашанда көп сынақтар.
Басыңа қонған баққұсың бір күні ұшса,
Жақыныңнан өзгенің бәрі жырақта.
Арманыңның бағың бір биік белесін,
Дәлелде бәрі жақсыға теңесін.
Өзгерткің келсе кенет жат мінезіңді,
Өзіңді білдің өзің ғана жеңесің.

Қайырмасы:
Керемет жан санамай өзіңді босқа,
Өзіңнен шыққан әрбір сөзіңді раста.
Иілмес айналаңның бәрі сен үшін,
Өзгерткің келсе бәрін өзіңнен баста.

Түзу жолдан адаспай, көзіңді аш та,
Амалың бар ма сірә төзумен басқа.
Иілмес айналаңның бәрі сен үшін,
Өзгерткің келсе бәрін өзіңнен баста.
Ғаділбек Жаңай & Марат Балмырза Өзіңнен баста lyrics, Ғаділбек Жаңай 0


Загрузка...





Comments

kopbay dauren

04 2018

hi

Admin

Corrected text

04.06.2018